ШЫМКЕНТТІК САРБАЗДАРДЫҢ АЛҒАШҚЫ ЛЕГІ ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ

Шымкентте  күзгі әскерге шақыру жұмыстары «Ел тірегі-2019» акциясы аясында қызу жүргізіліп жатыр. Шымкент қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілдері мен ҚР ҚК ардагерлері сарбаздардың алғашқы легін әскерге шығарып салды. Іріктеуден өткен 20-ға тарта шымкенттік сарбаз ҚР Қарулы Күштерінің қатарын толықтырады.Олар Отан алдындағы борышын Сарыағаш қаласындағы ҚР ҰҚК шекара қызметінің 2020 әскери бөлімінде өтейтін болды.
      Биылғы күзгі әскерге шақыру науқаны барысында Қазақстанның Карулы Күштері қатарына Шымкент қаласынан сарбаздар лег-легімен аттана бастайды. Ал 600-ден астам жас әскер қатарына қосылуға  әлі де өз кезегін күтуде. Отан алдындағы борышын өтеуге бозбалалар қашанда дайын. 
      Бүгінде әскердегі жас жауынгерлердің сапалық құрамы айтарлықтай өзгерген. Шақырылушылардың білім деңгейі де артып отыр. Сыннан сүрінбей өткен Шымкенттік болашақ сарбаздардың дені жоғары және орта білімді. Дене бітімі, моральдық-психологиялық тұрғыдан әскерде қызмет етуге дайын ұландар — Қазақстан армиясының қатарын толықтыратын тың күш екендігі анық.
     Жаңадан әскерге алынғандардың кезекті легін жиналған жұртшылық ақ жол тілеп шығарып салды. Қалғандары медициналық тексеруден өтуде. Күзгі әскерге шақыру науқаны  желтоқсан айының соңына дейін жалғасады.
Шымкент қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *