— ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы Серік Сәпиев 2020 жылы Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына қанша қазақстандық спортшы қатысатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Қоржынымызда қазірдің өзінде велоспорт, жеңіл атлетика, суда жүзу спорты бойынша 4 лицензия бар. Ашық суда Дмитрий Баландин бір жолдама алды. Біздің спортшылар мұнымен шектелмей, әлі талай лицензияларға қол жеткізетіні анық», — деді Серік Сәпиев Орталық коммуникациялар қызметінде. Комитет төрағасы Нұр-Сұлтан қаласында еркін және грек-рим күресінен әйелдер арасында өтетін жарыс біздің спортшыларға үлкен мүмкіндік екенін атады. «Басты мақсатымыз — 100-ден астам лицензияға ие болу. Токиодағы Олимпиада ойындарына 100 спортшымыз барады деген жоспар бар», — деді ол.
Ақпарат: inform.kz