Түркістан облысында жергілікті қамтуды бақылау жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті
Облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтің төрағалығымен ұйымдастырылған басқосуда мемлекеттік сатып алудағы мәселелер талқыландыОблыстық кәсіпкерлер палатасында өткен басқосу мемлекеттік сатып алудағы жергілікті қамтуды бақылауды қамтамасыз етуге және мониторинг жүргізуге, отандық тауар өндірушілерге, сондай-ақ жұмыстар мен қызметтерді отандық жеткізушілерге қолдау көрсетуге бағытталды. Кездесуде Түркістан облысы бойынша 2019 жылға арналған сатып алу жоспары — 275 млрд теңгеге жеткені сөз болды. Оның ішінде жұмыстар -167 млрд теңгені, тауарлар — 27,2 млрд теңгені, қызметтер — 80,8 млрд теңгені құраған. Мамандардың айтуынша, мониторингке негізгі 4 бағыт кіреді. Олар тамақ өнеркәсібі (992 064 885 тг), жиһаз өнеркәсібі (59 882 338 тг), жеңіл өнеркәсіп (16 301 609 тг), құрылыс материалдары (124 221 055 тг). Жалпы құны — 1 192 469 887 теңге. Бүгінгі таңда Түркістан облысында жалпы құны 65,7 млрд теңге болатын 148 құрылыс нысаны салынуда. Сондай-ақ, жиында мемлекеттік сатып алу порталының мониторингі барысында анықталған проблемалық мәселелер талқыланды. Өз кезегінде жиынды қорытындылаған комиссия төрағасы Мейіржан Мырзалиев жергілікті тауар өндірушілер үшін атқарылар жұмыстың маңыздылығын және Комиссия мүшелерінің кәсіпкерлер алдындағы жоғары жауапкершілігін атап өтті.
Ақпарат: inform.kz