ӘСКЕРГЕ БАРУ-АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМ !

  «Ел тірегі -2019» республикалық науқаны аясында Шымкент қаласы қорғаныс істері жөніндегі депаратменті жас сарбаздардың кезекті легін әскерге шығарып салды. Шымкент қаласы бойынша сайдың тасындай іріктеліп алынған 15 сарбаз Ақмола Өңірлік гарнизоны әскери полиция жасағында Отан алдындағы борышын өтеуге аттанды. Мамандардың зерделеуі мен медициналық және психологиялық тексерістерден мүдірмей өткен жас жігіттер сұхбаттасу үшін мандаттық комиссияның алдына кіргізілді.
        Шымкент қаласы әкімдігі, қалалық қорғаныс істері жөніндегі департаменті, ҚР Қарулы күштерінің ардагерлері, әскери полиция өкілдері құрамына кірген мандаттық комиссияда болашақ сарбаздар әскерге өз еркімен бара жатқандарын айтып, әскерге шақыру науқаны барысында жеке құқықтарының толықтай сақталғанын растады. «Әскерге баруды -азаматтық парызым» деп есептейтін болашақ сарбаздарға мандаттық комиссия мүшелері ақыл-кеңестерін айтып, Отан алдындағы борыштарын абыроймен атқарып келуге тілек білдірді.
-ҚР Қарулы Күштері сапында қызмет ету-әр ер азаматтың борышы. Ал оны абыроймен атқару — үлкен жауапкершілік. Сондықтан осыны жүрекпен сезініп, Отан алдындағы парыздарыңды абыроймен атқарып келулеріңе тілектеспін, – деді ҚР Қарулы Күштерінің ардагері запастағы подполковник Б.Алдабергенов. 
        Ақмола өңірлік гарнизоны әскери полиция жасағы жедел ден қою бөлімінің бастығы подполковник Ә.Бөрібаев әскерде сарбаздар үшін барлық жағдай жасалғандығын жеткізді.
-Әрбір ер азамат әскери өмірді көруі қажет. Әскерде бүгінде барлық жағдай жасалған. Тек әскери тәртіпке бағынып, қойылған тапсырмаларды уақтылы орындасаңыздар болды. Әскери борыштарыңызды абыроймен өткеріп, айбынды армиямыздың қатарын толықтыратын сарбаздар болады деген сенімдемін. Сіздерге сәттілік тілеймін!, — деді подполковник Ә.Бөрібаев.
        Айта кетейік, өткен жылы Ақмола өңірлік гарнизоны әскери полиция жасағына шұғыл әскери қызметін өтеуге аттанған Шымкенттік 15 сарбаздың, 14-і келісім-шарт бойынша әскери қызметке орналасқан. Бұл еліміздегі жастардың әскери қызметке деген ынтасының жыл санап артып келе жатқандығын аңғартады.
      Шымкент қаласы қорғаныс істері жөніндегі депаратемінтінің баспасөз қызметі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *