БІРТАНОВ ҚЫТАЙДАН КЕЛГЕН ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРҒА КОРОНАВИРУС ТУРАЛЫ ҮНДЕУ ЖОЛДАДЫ

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда 4,5 мың адамға арналған резервтік ауруханалар құрылғанын жеткізді. Бұндай шара коронавирус тарала бастаған сәттен қабылданды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ведомство басшысы жаттығулар еліміздің барлық аймақтарында өткізіліп, еліміздің түкпір-түкпірінен дәрігерлер оқуды жалғастырды деп сендірді.
Одан бөлек, Қазақстанда короновирус жұқтырған мен вирусты жұқтырды деген күдікке ілінген науқастар көбейген жағдайда қосымша қаржы сұралатынын ескертті.
Біртановтың айтуынша, Қытайдағы коронавирустың жаппай таралу қаупі де қарастырылған. Ол үшін инфекциялық ауруханаларда қосымша 4 500 қосымша кереует қойылған. Резервтік станционарлар да дайын. Барлық аймақта арнайы оқу-дайындық шаралары атқарылуда.
«Қазіргі кезде біз үкіметтің резервінен қосымша қаржыға тапсырыс бердік. Себебі пациенттер мен инфекциямен түскен адамдарға жеке қорғаныс жабдықтары сатып алынады. Соның ішінде дезинфекциялық құралдар мен медициналық жабдықтар бар. Қажетті дәрі-дәрмектер қарастырылған», — деді денсаулық сақтау министрі.
Сондай-ақ, Біртанов Қытайдан және шетелден келген барлық азаматтарға үндеу жолдады. Министр оларды дәрігерге көрінуге шақырып, денсаулықтарында қандай бір кінәрәт болса шұғыл түрде хабарлауды сұрады.
«Бұл сіздің қауіпсіздігіңіз үшін, денсаулығыңыз нашарлаған жағдайда медициналық қызметкерлер сізді бақылай алады, біз уақытылы тиісті шаралар қабылдаймыз және сіз бен отбасы мүшелеріңізді қорғай аламыз», — деп сөзін түйіндеді Біртанов.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *