ТҮРКІСТАНДА БИЫЛ 15 НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Түркістан қаласында ағымдағы жылы жаңадан салынған 15 нысан пайдалануға беріледі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Сәулет және қала құрылысы басқарма басшысының міндетін атқарушы Бақтыбай Дүйсебеков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бақтыбай Дүйсебековтің айтуынша, Түркістан қаласындағы құрылыстар екі аймаққа бөлінген. Олар: әкімшілік-іскерлік және рухани-мәдени орталық. Аймақтарда қазіргі таңда 15 мәдени-әлеуметтік нысан салынып жатыр. Аталған құрылыстар 2020 жылы толық аяқталады деп жоспарлануда. « «Әкімшілік-іскерлік орталықта» 8 нысанның құрылысы жүріп жатыр. Олар: жабық бассейні бар спорт кешені, 7000 орындық стадион, Оқушылар сарайы, Департаменттер үйі, Басқармалар үйі, Конгресс холл, Цифрлық кеңсе, Аттракциондар саябағы. Ал «Рухани-мәдени орталықта» 7 нысан: Ясауи мұражайы, «Ұлы Дала» орталығы, Қолөнер шеберлері орталығын қайта жаңғырту, Ғылыми-әмбебап кітапханасы, Драма театры, Тұңғыш Президенті саябағы, Арбат. Бұдан өзге, «Рухани-мәдени орталығында» «Керуен сарайының» құрылысы басталды», — деді Бақтыбай Дүйсебеков.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *