Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (11-0, 10 КО) 12 наурызда шаршы алаңға оралады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Садриддин Ахмедов Монреальда Eye Tiger Management ұйымдастыратын бокс кешінде жұдырықтасады. Ал қарсыласы кейінірек анықталады.
Бүгін бокс кешіне орай ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында промоутер Камил Эстефан «Q сарбазының» жекпе-жегі жайлы ресми мәлімдеді.
Естеріңізге сала кетейік, Садриддин Ахмедов соңғы жекпе-жегін де Монреальда өткізген еді. Өткен жылдың 7 желтоқсанында ол аргентиналық Хосе Антонио Вильялобосты жетінші раундта нокаутқа жіберді.