ШЕГІРТКЕНІҢ ТАРАЛУЫНА ЖОЛ БЕРМЕУ ЖҰМЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР – АШМ

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі 2020 жылы ел өңірлерінде шегіртке тектес зиянкестердің таралуына жол бермеу үшін алдын ала дайындық жұмыстарын бастады, деп хабарлады министірліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған baq.kz сайты

«Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ-нің мәліметі бойынша ағымдағы жылы шегіртке тектес зиянкестер 500 мың гектардан аса алқапқа зиян келтіруі мүмкін деген болжам бар.

Зиянкестердің түрлерімен күресу үшін республикалық бюджеттен 1 млрд теңге қаражат бөлінді. Аталған қаражат барлық болжамдалған алқапқа пестиицдтерді және химиялық өңдеулер жөніндегі қызмет көрсетулерді сатып алуға мүмкіндік береді.

Орталық қоймада жалпы алаңы 525,3 мың гектар алқапқа шегіртке тектес зиянкестермен күресу үшін пестицидтердің 47,5 мың литр қоры бар. 2020 жылы шегіртке тектес зиянкеске қарсы қорғаныс іс-шараларын жүргізу үшін 148 бірлік арнайы бүріккіш техника, оның ішінде 119 бірлік жерүсті бүріккіш, 10 ұшақ, 10 бірлік аса жеңіл әуе кеме (АЖӘК) және 9 бірлік аэрозольді генератор (ГАРД) жұмылдырылатын болады, — делінген ақпаратта.

Бүгінгі таңда шегірткелердің таралуы Африка құрлығының көптеген елінде жаппай ашаршылық тудыруы ықтимал екені айтылуда. БҰҰ зиянкестердің көбеюі өнімнің және жануарлардың азаюына алып келеді деп дабыл қағуда.

Елімізде шегіртке тектес зиянкестерге қарсы қорғаныс іс-шараларын уақытылы ұйымдастыру жұмыстары толық пысықталуда.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *