Кәсіпқой бокста атой салып жүрген қазақстандық қос боксшы Қанат Ислам мен Жәнібек Әлімханұлы жақын арада жұдырықтасуы мүмкін деп абарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.
Бұл туралы Аtameken.business арнасы Instagram желісіндегі ресми парақшасында жазды.
«Бір салмақта өнер көрсететін екі боксшы WBO тұжырымы бойынша чемпиондыққа жақындап келеді. Рейтингте Қанат Ислам 4-орында, Жәнібек Әлімханұлы 5-орында тұр. Екеуінде де осы тұжырымның құрлықаралық белбеуі бар. ⠀ Ал әлем чемпионы — Деметриус Андраде. Екеуінде де чемпионмен шығу ықтималдылығы өте төмен. Өйткені, олар Америкада танымал емес. Ал чемпионмен шығудың ең тиімді әрі төте жолы — оған міндетті қарсылас атану. Сол себепті, қос қазақтың міндетті қарсылас атанып, рингте кездесу мүмкіндігі өте жоғары. Тіпті бұл оқиға биыл не келер жылы болуы мүмкін», — делінген мәтінде.
Еске сала кетсек, Қанат Ислам соңғы жекпе-жегін 2019 жылдың 26 қазан күні Алматыда өткізіп, намибиялық Уолтер Каутондокваны төрешілердің шешімімен жеңді.
Осыдан кейін боксшы келесі кездесуі наурыз айына жоспарланғанын мәлімдеді.