АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІ ПАРТИЯМЕН БІРЛЕСІП ЖҰМЫС АТҚАРАДЫ

Бүгін «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалында партияның «Ардагерлерді ардақтайық!» жобасы аясында «Ұрпақтар сабақтастығы» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны партияның облыстық филиалы мен «Түркістан облыстық Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері кеңесі» қоғамдық бірлестігі бірлесіп өткізді.

Жиында  «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаев ауған соғысы ардагерлерінің жас ұрпақты отаншылдыққа шақыруға қосар үлесі мол екенін жеткізді. Партия отаншыл, елді бірлікке шақыратын, игі іске жұмылдыратын аға буын өкілдерін қолдауға дайын екенін мәлімдеді.

Түркістан облыстық Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері кеңесі қоғамдық бірлестігінің кеңесшісі Бекайдар Көшербаев пен ауған соғысының ардагері, «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалының консультанты Қазыбек Тәжиев мазмұнды баяндама жасады. «Түркістан облыстық Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тұрғанбек Бегимов те қоғамды дамыту жөніндегі пікірін ортаға салды. Күн тәртібіне сәйкес, ардагерлердің өзекті мәселелері мен ұрпақ тәрбиесі де сөз болды. Ел азаматтары өз ұсыныстарын айтты.

Жиында «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалы мен «Түркістан облыстық Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері кеңесі» қоғамдық бірлестігі арасында өзара іс-қимылды ұйымдастыру туралы Меморандумға қол қойылды. Енді партия филалы мен ауған соғысының ардагерлері идеологиялық-патриоттық бағыттағы іс-шараларды бірлесіп атқарады.

«Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметінің мәліметінше, мағыналы кездесуде бір топ Ауған соғысының ардагеріне партия филиалының Алғыс хаттары табыс етілді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *