«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» АЯСЫНДА ШЫМКЕНТТЕ 742 РЕТ ІС-ШАРА ӨТКЕН

Шымкент қаласы әкімдігінің ақпараттық-коммуникациялық орталығында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру мақсатында құрылған ішкі саясат және дін істері басқармасының «Рухани жаңғыру» бөлімінің  2019 жылы атқарған жұмыстары және алдағы жоспарлары жөнінде баспасөз брифингі өтті. Брифинг барысында спикер, «Рухани жаңғыру» бөлімінің меңгерушісі Зәуре Оралбаева бағдарламаны іске асырудағы 2019 жылы ұйымдастырылған іс-шаралар, негізгі жобалар және 2020 жылға арналған кешенді жоспар туралы кеңінен баяндады. Өткен жылы сәуір-желтоқсан айларында бағдарлама аясында жалпы 742 шағын және ауқымды іс-шаралар өткізіліп, онда 431 100 адам қамтылған. Бағдарламаны ақпараттық сүйемелдеу бойынша республикалық және өңірлік БАҚ-тарда, әлеуметтік желілер мен ақпараттық порталдарда 1917 материал жарық көрген.

Өлкенің тарихын кеңінен тану, зерделеу мақсатында қала мектептерінде 5,6,7 сыныптарға арналған «Өлкетану» және «Өлкетану хрестоматиясы» оқулығын алуға бюджеттен 124 млн. 664 мың 700 тг. бөлініп, 72 380 дана оқулық таратылған.

«Туған жер» жобасының «Атамекен» кіші бағдарламасы шеңберінде демеушілер мен меценаттар есебінен Шымкент қаласында құны 3 млрд. 358 млн. теңгені құрайтын 5 жоба іске асырылған.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *