ШЫМКЕНТТЕ 20 ЕСКЕРТКІШКЕ QR КОДТАР ОРНАТЫЛҒАН

«Қазақстанның рухани киелі жерлері. Қазақстанның сакралды географиясы» жобасы бойынша 7 тарихи-мәдени ескерткіш жалпыұлттық маңызы бар қасиетті, тарихи жерлердің тізіміне, ал 8 нысан – жергілікті маңызға ие орындар қатарына енді. Бұл туралы Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы, «Рухани жаңғыру» бөлімінің меңгерушісі Зәуре Оралбаева мәлімдеді.

Оның айтуынша, көне Сайрам жеріндегі «Ибрагим ата», «Қарашаш ана», «Мірәлі баба» кесенелерінің, «Жәми мешітінің» аумағын көріктендіру жұмыстары жүргізілді. Қаладағы киелі орындар мен туристік маңызы бар 20 ескерткішке QR кодтар орнатылған.

Шымкентте өткен жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақтың салт — дәстүр, әдет-ғұрпын насихаттауға арналған «Дәстүрім ‒ асыл қазынам» кітабы және «Ұлттық киімдер» фотоальбомы, «Жаңа ғасыр әуендері» атты жас ақындар антологиясы жарық көрді. «Ұлы даланың ұлы есімдері» арнайы жобасы аясында Мемлекет және қоғам қайраткерлері Сұлтанбек Қожанов және Тұрар Рысқұловтың 125 жылдығына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы ұйымдастырылған. Ұлы Абайдың 175 жылдығы қарсаңында «Абай даналығы ‒ халық мұрасы» атты әдеби-композициялық кеш, танымдық сағаттар өтті. «Рухани жаңғыру» кеңсесінің жанынан қалалық әдет-ғұрып, салт-дәстүр орталығында Этнограф, ғалым, Мемлекет қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтың «Дәстүрдің дара діңгегі» атты бұрышы ашылған.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *