ТЕЛЕФОН ЖЫМҚЫРҒАН АЗАМАТТЫҢ АЙЛАСЫ 60 МИНУТТАН АСПАДЫ

Дүкен сатушысының қолындағы телефоны мен тауарларын тартып алып тайып тұрған күдікті бір сағатта қолға түсті. Оқиға Төлеби ауданында орын алған. Қырағы полициялар қоңырау түсе сала көшелердегі бейне бақылау камераларын тексеріп жедел іс-шараларды атқарған.  Соның нәтижесінде Төлеби АПБ-нің қызметкерлері күдіктіні алысқа жіберген жоқ. Яғни белгілі болғандай күдікті өз көлігімен дүкенге барып, ондағы сатушы қыз бен сөзге келіп қалған. Содан соң сатушының қолындағы ұялы телефоны мен бөтелкедегі сыраларды алып, көлігіне мініп, дереу ізін суытқан.

Тәртіп сақшылары ұсталған күдіктіден айғақты зат ретінде ұялы телефонды тәркіледі. Қазіргі таңда аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға өздерінің бағалы заттары мен қалта телефондарын көрінетін жерде қалдырмауға, үнемі түпкі қалтада сақтауға кеңес береді. Сондай-ақ тұрғылықты мекен-жай мен сауда орындарында міндетті түрде бейне бақылау камераларын орнатып, терезе мен есіктерді темірторлармен бекітуді сұранады.

Егер сіз қылмыстық оқиғаның құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада полицияның «102» телефонына қоңырау шалғаныңыз дұрыс. Сақшылар аталған жайт бойынша бағыталып, қылмыскердің тез арада ізіне түсуіне сеп болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *