Түркістан облысы Кентау қаласының тұрғындары, оңай олжаға кенелеміз деп алаяққа алданып қалды. Ақшасын төлесең «мүгедектікке шығарып беремін деп» уәдесін берген азаматшаға, ақшасын жинап бергендер аз болмаған. Күдікті деп танылған келіншек, жалпы көлемі 700 мыңға жуық теңгені иемденген. Жедел іс-шаралардың нәтижесінде тәртіп сақшылары күдіктінің аталған қаланың тұрғыны екенін анықтады. Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 190-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілді. Барлық құжаттар жинақталып, сотқа жолданды.
Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға алаяқтардың арбауына ермей, кез-келген мәселені заң жүзінде шешуді ескертеді. Егерде осындай алаяқтардың қылмысына куә немесе құрбаны болсаңыз, «102» шұғыл нөміріне хабар беріңіз, өйткені дер кезінде берілген ақпарат қылмыстың тез ашылуына ықпал етеді.